Президент реформалары еліміздің экономикалық дамуын жеделдетеді – Әсел Құрманбек

инстаграм Асель Курманбек
инстаграм Асель Курманбек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Әсел Құрманбек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық арна тілшісіне берген сұхбатында көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап бергенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Мемлекет басшысының «Qazaqstan» телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатын көрген боларсыздар. Елімізде орын алып отырған жайттарға қатысты толық әрі нақты жауап берді деп ойлаймын және халық та осыны күтті. Өйткені қоғам реформаларға зор үміт артып отыр. Кешегі қаңтар оқиғасы бәрімізге сабақ!» – дейді Әсел Құрманбек.

«Қандай түбегейлі өзгерістер болатынын қазір айта алмаймын. Бірақ біраз өзгерістер болады. Бұл туралы Мәжілісте сөйлеген сөзімде айттым. Мен бастапқыда жаңа саяси реформаларды күзде жариялаймын деп ойлағам, бірақ саяси реформаларды наурыздың ортасында халыққа Жолдауымда ұсынатын болдым. Қазіргі таңда жұрт реформаларды зор үмітпен күтіп отырғанын білемін. Сондықтан, «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық» деп үндеу жолдадым. Онда айтылған мәселелерді көпшілік қолдап отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында.

Әсел Құрманбектің айтуынша, реформалар еліміздің экономикалық дамуын жеделдетеді. Ал экономикалық тұрғыда даму әлеуметтік проблемалардың бірден-бір шешімі.

Сондықтан да мен Президенттің ұстанған саяси бағытын дұрыс деп санаймын!

Егер сұхбатты көріп үлгермеген болсаңыздар қарауға кеңес беремін!

Туырлыққа ту іліп әділетті қоғамды бірге жасайық!

Новости партнеров