Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Елнұр Бейсенбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адамдар мемлекет үшін емес, мемлекет адамдар үшін» деген сөзімен келісемін. Өйткені Мемлекет басшысы кез келген қиындықтың артында үлкен мүмкіндіктер тұрғанын айтып, қазақстандықтарды Отанымызды өркендетуге шақырды. Бұл ретте, замандастарымның рөлі ерекше екенін ескерткім келеді. Сапалы жастардың, оның ішінде еңбекқор азаматтардың нәпақасын адал табуы аса маңызды. Сондықтан кез келген дағдарыстың арты жаңа мүмкіндіктерге әкелетіні сөзсіз. Осы ретте біз де күш-қуатымызды Отанымызды өркендетуге жұмсайық", – дейді депутат.