Amanat деген атау партия мүшелеріне үлкен жауапкершілік артады – Ерлан Дәкенов

02.03.2022 20:37
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Ерлан Дәкенов саяси ұйымды «AMANAT» деп атау партия мүшелеріне үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтты деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Elorda.info сайтына сілтеме жасап.

«Партияның кезектен тыс XXII сессиясында саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу және Nur Otan партиясын жаңғырту мәселелері талқыланды. Оның ішінде Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың партия атауын «AMANAT» деп өзгерту туралы ұсынысы қабылданды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл ұсынысты қолдап, партияны жаңғырту жолында алғашқы қадам жасады.

Қазақ дүниетанымында «аманат» сөзінің мағынасы өте терең әрі қастерлі. Еліміздегі басқарушы партияны осы сөзбен атау партия мүшелеріне үлкен жауапкершілік артады.  

Алдағы уақытта жеткен жетістіктерді ескере отырып, кеткен қателіктерді түзетіп,  қызметімізді жаңа қарқынмен жалғастырамыз», – деді мәслихат депутаты.