Экономикалық қауіпсіздігімізді сақтауға күш салуымыз қажет -Жақсылық Мырзахан

26.11.2023 20:38

"Кибер бақылау" бағдарламасы нәтижелі болды

Сурет: Аlmaty.tv

Технология дамыған заманда ақпараттық қауіпсіздікті сақтау аса маңызды екенін Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Жақсылық Мырзахан айтты.

– Жыл басынан бері атқарылған шараның нәтижесінде Алматы қаласы аумағында 9 қаржы пирамидасының қызметі анықталды. Көлеңкелі экономиканың құрамдас бөлігі болып табылатын заңсыз ойын бизнесі бойынша 12 қылмыстық іс қозғалды. Жалпы көлеңкелі айналымнан 90 астам компьютерлік техника, 500 аса терминал жойылды. Экономикалық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін қаржы пирамидаларын уақытылы анықтап, жолын кестік. Сонымен қатар «Кибер бақылау» бағдарламасы іске қосылды. Осы бағдарлама арқылы әлеуметтік желілердегі сілтемелерге бұғат қойылады. Ақпараттық қауіпсіздік бағытында да біраз жұмыстар атқарылды. Осындай жобаларымыз жайлы азаматтар ғаламтордан біле алады, - дейді Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Жақсылық Мырзахан.