Біз көпті көрген ел ағаларының ақыл-кеңесіне жүгінеміз – Қасым-Жомарт Тоқаев

16.06.2022 20:46

15 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды

ҚазАқпарат

Құрылтайға барлық облыстың, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдері қатысып отыр. Бұл туралы Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Облыстың алғашқы қадамы алқалы жиыннан басталуда. Ұлт ұясы Ұлытаудың ғасырлар бойғы ұлы миссиясы қайта жалғасын тапты. Енді, Ұлттық құрылтайдың жұмысын ұйымдастыру мәселесіне тоқталсам. Оның құрамында 117 адам бар. Құрылтайға барлық облыстың, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдері қатысып отыр. Біз көпті көрген ел ағаларының ақыл-кеңесіне жүгінеміз. Белсенді азаматтық ұстанымы бар орта буынның тәжірибесін ескереміз. Жаңаша ойлатын жастардың тың идеяларын қолдаймыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Осы орайда Президент құрылтайға Парламент депутаттары, саяси партиялар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері де шақырылғанын еске салды.