Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде «Самұрық-Қазына» қорының жабылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Мен «Самұрық-Қазына» қорын реформалауды тапсырып қойдым. Қазір қордың құрылымы ашық емес, оған саяси маңызды адамдар басшы болып барады. Қордың сатып алу жүйесі тиімсіз, жұмысшылар өз ішінде сыйыспайды, шығынға бата жұмыс істеп отыр, ауқымды жобалар аяқсыз қалды, қордың жұмысын қамтамасыз ету үшін қыруар қаражат кетіп жатыр. Осы мәселелердің барлығы қоғам наразылығын тудырды. Сол сияқты осы уақытқа дейін мұнай-химия зауытын сала алмағанымыз да іш ашытады. Қазақстан әлі күнге дейін кеңес үкіметінен қалған зауыттарды жөндеп жүргенде Өзбекстан жаңадан 2-3 зауыт салып алғанын, ондай зауыттар әрине көз қуантады», – дейді Президент.
Мемлекет басшысы ұлттық қордың басшысына қандай шарт қойылғанын да ашық айтты.
«Директорлар кеңесінің рөлі мен тәуелсіз директорлар тек қағаз жүзінде ғана бар. Қорды түбегейлі реформалау туралы тапсырма беремін. Сәтқалиевпен бұл туралы сөйлескенмін, реформалау тапсырмасын орындай алмаса, өзі де, онымен бірге қор да келмеске кетеді», – деді Тоқаев.