Республика күні: Тарихты тану, ұлы күнді ұлықтау – ұрпақ міндеті

13.10.2023 21:02

25 қазан Республика күні болып қайта бекітілген

Almaty.tv

Елдің егемендігі жөніндегі Декларацияның қабылдануы Қазақстанның тәуелсіздік жолында жасаған алғашқы маңызды қадамы. Сонысымен құнды 25 қазан былтырдан бері Республика күні болып қайта бекітілген еді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тарихты тану, ұлы күнді ұлықтау – ұрпақ парызы, міндеті.

– Бір отбасында бала дүниеге келгенде қандай қуаныш болса, бүкіл Қазақстан үшін сондай ерекше күн болды. Тұңғыш мемлекет атанып, тұңғыш егемендік алдық, – деді мемлекет және қоғам қайраткері Оразалы Сәбден.

Осыдан 33 жыл бұрын жарияланған құжатта елдің тұтастығы, ұлттық сипаттағы мемлекеттілігі мен қауіпсіздігі, территориясы және зайырлы ұстанымы бекітілді. Тәуелсіздікке бір табан жақын қалған елдің бұл қадамы - Конституцияның тірегі, барлық заңның бастауы еді.

– Егемендік – мемлекеттің бастауы, фундаменті болып саналады. Мемлекеттің бірден-бір қайнар көзі – Декларация. Декларация осы күнге дейін қызмет атқарып жатыр. Қабылданған барлық  заң Декларацияның негізінде болуы керек, – деді заң ғылымдарының докторы, профессор Салахиден Сәбікенов.

Оқи отырыңыз: Егемендік туралы декларация – ел азаттығының іргетасы