Әлеуметтік ғылымдар магистрі, Абай атындағы ҚазҰПУ, Әлем тарихы кафедрасының оқытушысы Мақсат Жақауов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында бірқатар мәселенің басын ашып айтты. Соның ішінде Қаңтар қасіреті қоғам үшін үлкен сабақ болды. Бұл туралы Мемлкет басшысында сұхбат барысында айтты. Мемлекеттің мұндай оқиғаға душар болу себебінің бірі – қоғамда әлеуметтік теңсіздіктердің орын алуына әкеп соққанын көрсетеді», – деді Мақсат Жақауов.
Бұған дейін де Мемлекет басшысы еліміздің қазба байлығының жартысы 162 адамның қолында екендігі туралы айтқан болатын.
«Президент кезінде түрлі жолмен байып алғандарға енді байлығын елмен бөлісіп, мемлекеттен алғаныңды қайтар деген бастамаларды саяси деңгейде көтерген болатын. Дегенмен бұл мәселемен көп нәрсе шешілмейді. Бірақ әділдік принцептер анықталса, екінші жалпы әлеуметтік теңсіздіктер негізінде әртүрлі бір-біріне байланысып жатқан кешенді саясаттың барын көрсетеді», – деді әлеуметтік ғылымдар магистрі.
Сонымен қатар Мақсат Жақауов Мемлекет басшысы елімізде болып жатқан қымбатшылықты тоқтату жолдарын қарастыруды Үкіметке тапсырғанын айтып өтті.
«Үшіншіден, әр бағыттағы әлеуметтік теңсіздіктің бірден-бір себебі – еңбекқорлықтың жоқ екенін көрсетеді. Бұл туралы сұхбат барысында Президент те айтып өтті. Кез келген адам еңбек етсе, өзінің нанын тауып жей алады. Сонымен қатар еңбек еткен адамның еңбегі лайықты бағалануы керек. Бұл әділдік принципіне негізделген», – деді ол.