Президент тапсырмасы Қазақстан халқына көп үміт сыйлады – экономист

14.01.2022 22:32
Almaty.tv

Экономист, сарапшы Сапарбай Жобаев Президент тапсырмасы Қазақстан халқына көп үміт сыйлағанын айтады. Елдегі азық-түлік, жұмыссыздық, қымбатшылық мәселелері алдағы уақытта толығымен шешімін табатынына сеніммен қарауға болатынын көрсетті дейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Себебі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға басым назар аударылып отыр. Экономистің сөзінше, экономикалық саясаттың мақсаты айқын. Яғни заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар, нарықтық экономика құру. Негізгі міндеттерді орындау арқылы қиындықты еңсеріп, жеңіске жетуіміз керек дейді. 

"Мемлекеттік кәсіпорындардың үлесі 50 пайыздан аспайтын еді. Президентіміздің айтуынша, олардың үлесі 60 пайызға жетті. Экономикамыз қайтадан социализмге қарай жүріп бара жатыр. Ал, ол деген егер 60-70% болса, 3-4% байлар байып кете береді да, қарапайым 95% халық кедейленіп кетеді", – деді экономист-ғалым, сарапшы Сапарбай Жобаев.