«Халықтың үніне құлақ асу – бүгінгі депутаттардың алдындағы үлкен міндет». Осылай деген қалалық мәслихат депутаты Рахат Шимашева AMANAT партиясының съезіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Халықтың үніне құлақ асу – бүгінгі депутаттардың алдындағы үлкен міндет. Сондықтан бұрынғыдай емес жаңаша бетбұрыс жасап, халықпен тікелей байланысқа шығып, толғандырған мәселелерге қатысты үлкен жұмыс атқаруымыз керек деген нақты талаптар осы съезде қойылды», - деді Рахат Шимашева.