Еліміздің мәдениет саласы қалай дамып келеді

21.03.2024 22:19

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкіровамен кездесті

Аkorda.kz

Кездесуде еліміздегі мәдениет саласының дамуы мен өзекті проблемалары талқыланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.

Жәния Әубәкірова Президентке жеке шығармашылығы мен өзінің авторлық мектебінің жұмысы туралы баяндады. Сонымен қатар ұзақ уақыт бойы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болған маман музыкалық жоғары білім саласы туралы ой-пікірін жеткізді.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Жәния Әубәкірованың қоғамдық мәселелерге қатысты ұсыныстарын тыңдап, өнер саласындағы бастамаларына сәттілік тіледі.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады