Халық пен партия арасындағы байланыс жалғаса береді – Қайрат Бисембаев

01.03.2022 22:29

«AMANAT партиясына сенім білдіретіндер саны арта түседі». Партияның Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Бисембаев AMANAT партиясының съезіне орай осылай деп пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Шындыққа қолы жетпесе, ойындағысын жүзеге асыра алмаса, бәрі осы партияның қоғамдық қабылдауына келеді. Бүгіннен бастап сол қоғамдық қабылдауды енді көшпелі түрде, сонау шалғай ауылдарға да барып жүргізу тапсырмасы беріліп жатыр. Бұл өте қажет нәрсе. Өйткені халық пен партияның арасындағы тікелей байланыс үзілместей болып жалғасады деп ойлаймыз», - деді Қайрат Бисембаев.