Премьер-Министр Үкімет мүшелерін сыннан сабақ алып, белсенді жұмыс істеуге шақырды

15.07.2022 22:38

Мемлекет басшысы Министрлер кабинетінің жұмысына орташа деген баға берген болатын

Президенттің Үкімет мүшелеріне жасаған кешегі сынынан кейін бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайылов министрлерді сыннан сабақ алып, белсенді жұмыс істеуге шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Үкімет басшысы барлық мемлекеттік органдар, әкімдіктер мен квазимемлекеттік сектор бірлесіп жұмыс істеуі керектігін ескертті. Айта кетсек, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Министрлер кабинетінің жұмысына орташа деген баға берген болатын.

«Бірінші басшылар Президент тапсырмаларының орындалуын жеке бақылауға алуы керек. Жобалар мен бағдарламалар өңірлерде жүзеге асырылады. Олар халықтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Сондықтан Үкімет пен әкімдіктер өзара тығыз байланыс орнатып, әрбір мәселені бірлесіп шешуі керек. Жалпы Үкімет жұмысының нәтижелі болуы әрқайсымыздың тиімді жұмыс істеуімізге байланысты», – деді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.