Халық нақты өзгерістерді күтіп отыр – Аягүл Миразова

01.03.2022 22:39
Фото: ашық дереккөзден

Партияның кезектен тыс өткен съезінде Президент нақты тапсырма беріп, қағазбастылықтан табанды түрде бас тартудың маңызды екенін атап өтті. Бұл кез келген сала үшін өте дұрыс шешім болмақ. Осылай деген 

Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова Nur Otan партиясы атауының өзгеруіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Партия атауының өзгеруіне байланысты Мемлекет басшысы партия алдына қойған бірқатар міндеттерді атады. Президентіміз өз сөзінде: «Халық нақты өзгерістерді күтіп отыр, партия атына зат сай болуы керек. Бастысы да осы. Партия алдына қандай мақсат қойса да, халықтың келешегіне әсер етеді. Сондықтан партия жаңа мәдениет қалыптастырып, ел игілігі үшін жұмыс істесе дейміз. Бұған дейінгі партияның халық үшін жасаған істерін жоққа шығара алмаймыз. Өкінішке қарай, еліміздегі соңғы болған жағдайлар әлі де шикіліктің барын растады», - деп атап өтті Аягүл Миразова.