|
21.11.2023 | 17:42
681

Рухани салаға бөлінген қаржы ұлғайды - Айгүл Үлкенбаева

Рухани салаға бөлінген қаржы ұлғайды - Айгүл Үлкенбаева Almaty.tv

«Өнер адамының қоғамдағы орны анықтала бастады». Белгілі күйші Айгүл Үлкенбаеваның айтуынша, Президет пәрменімен іске асырылып жатқан іс-шараларды өнерге деген жаңа көзқарастың қалыптасып келе жатқанынан байқауға болады.

– Жаңа Қазақстанда өнерге, рухани өмірге деген жаңа көзқарас қалыптасып келе жатыр.  Оны біз Үкіметтің, Мемлекет басшысының қабылдаған шешімінен көріп отымыз. Рухани салаға бөлінген қаржы да ұлғайды. Екіншіден, өнер адамының беделі, оның қоғамдағы орны көп нәрсеге қатысты анықталатыны белгілі. Соның бірі –  25 жыл үзілістен кейін қайта жаңарған атақтар. Бұл – әр салада кейінгі жастарға үлгі болатын ісімен ерекшеленетін жандарға Үкімет тарапынан берілетін атақ. Қайта оралған атақтың бірі – «Халық әртісі», – деді күйші, Қазақстанның халық әртісі Айгүл Үлкенбаева.

Оқи отырыңыз: Ұлттық рәміздер аллеясы: Ұлытау облысындағы жобаға қанша қаржы бөлінді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир