|
20.02.2024 | 20:29
3421

Мемлекет басшысы жастардың ноу-хау технология саласындағы ізденісін оң бағалады

Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты

Мемлекет басшысы жастардың ноу-хау технология саласындағы ізденісін оң бағалады Ақорда

Қазақстанда инновациялық бастамаларға мемлекеттен көбірек қолдау көрсетіледі. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысып, олардың ноу-хау технология саласындағы ізденістерін оң бағалады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі кезде елде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі, Citix компаниясы өнімдерінің экспорттық әлеуеті, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының өңдеуші өнеркәсіп пен энергетика секторына инвестор тарту тәжірибесі, сондай-ақ бюджеттік процестерді оңтайландыруға арналған «eAkimat365» ақпараттық жүйесі жемісті жұмыс істеп тұр. Президент мұндай жобаларға мемлекеттік органдардан қолдау болатынын баса айтты. Сонымен қатар Қасым Жомарт Тоқаев «мемлекет басқару ісіне ойы ұшқыр, білімі озық, сана-сезімі терең, нағыз отаншыл азаматтар көптеп келуі керек» деді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Президенттік жастар кадр резерві дәл осындай талапты жастарға бірегей мүмкіндік береді. Бүгінде резервте 400 маман бар. Соның 280-і, яғни 70 пайызы орталық және жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарға тағайындалды. Бірқатары квазимемлекеттік секторда және бизнес саласында еңбек етіп жүр. Қазіргі таңда елімізде ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатыр. Мемлекетімізді өркендету үшін жаңа, батыл қадамдар жасалуда. Сондықтан өздеріңіз сияқты еліміздің жалынды жастары осы өзгерістердің қозғаушы күшіне, мықты тірегіне айналуы керек деп санаймын».

Оқи отырыңыз: Тоқаев: Мемлекеттік қызметтің гибридті моделін енгізуді жалғастырған жөн

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир