Мәжіліс қабылдаған референдум туралы заң елдегі демократияға тың серпін береді

Almaty.tv
Almaty.tv
Олар мәселені халықтық дауысқа салу – әр азаматтың құқықтық жауапкершілігін арттыратынына сенімді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Мәжіліс қабылдаған референдум туралы заң – елдегі демократияға тың серпін береді». Жаңалықты көппен бірге белгілі әртістер де қолдайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олар мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу – әр азаматтың құқықтық жауапкершілігін арттыратынына сенімді. Әрі Президент Жолдауы аясында бірқатар өзгерістер енгізілетін Ата Заң жобасы да өзара дауысқа салынбақ.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Конституциялық сот енгізіліп жатыр. Бұл – халықтың көкейінде жүрген мәселе.  Өзгерістер халыққа қарай бұрылу, тілегін орындау деп білеміз. Қапшағай қаласына Қонаев атамыздың атауын беру қазақ үшін қасиетті, киелі нәрсе», – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер Болат Әбділманов.

«Конституцияның өзгеріп жатқаны, оның қиыс кеткен жерлері орнына келіп жатқаны, әрине, қуантады. Жуырда Семей қаласында болып едім, Семейдің тұрғындарының да қуанышында шек жоқ», – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер Әділ Ахметов.

Иә, күні кеше ел Президенті жаңадан құрылатын 3 облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымын бекіткен еді. Жолданған Жарлықта Абай, Ұлытау мен Жетісу облысының бөлінуінен бөлек, Қапшағай қаласының жаңа атауға ауысқаны да жарияланды.

«Жаңа облыстар  ашылды. Демократия дейміз, біраз артта қалдық ол жағынан, шынын айту керек», – деді ҚР Еңбек сіңірген әртісі Айдос Бектемір.

Новости партнеров