Мерейлі жасқа жеткен Бибігүл Ахметқызын «Алматы» телеарнасының ұжымы шын жүректен құттықтайды
«Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!». Қазақтың бұлбұлы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова Тәуелсіздік мерекесіне орай осындай жылы лебізін білдірді. Отандастарымызды айтулы датамен құттықтаған опера әншісі халқына бейбітшілік, саулық және жарқын болашақ тіледі.
Айта кетейік, сүйікті өнер қайраткері Бибігүл Төлегенованың да меншікті мерекесі осы Тәуелсіздікпен тұспа-тұс келіп отыр. Ол 16 желтоқсанда 94 жасқа толады. Мерейлі жасқа жеткен Бибігүл Ахметқызын «Алматы» телеарнасының ұжымы шын жүректен құттықтайды!
– Мемлекетіміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін! Жауған аппақ қардай көңіл тілеймін. Тыныштық, еліміз аман болсын! Іштегі, сырттағы жаудан сақтасын. Келесі мерекелерді аман-есен қарсы алу бұйырсын, аман болайық! Мереке құтты болсын! Келе жатқан Жаңа жыл да құтты болсын! – деді КСРО және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова.