Халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға өз септігін тигізетініне сенемін – Әкежан Кеңесов

26.04.2022 в 23:27

Мәслихат депутаты партиялардың бірігуі халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатынын жеткізді

Мемлекет басшысының AMANAT партиясынан шығып, төраға уәкілеттілігін тапсыруы өзге саяси партиялар арасында бәсекелестікті арттырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осылай деген саяси ұйым мүшелері енді ешқандай партияға басымдық берілмейтінін, таңдауды тек халық жасайтынын айтты. Мәслихат депутатты партиялардың бірігуі халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатынын жеткізді.

«Осыдан кейін де түрлі саяси партиялар пайда болатыны анық. Олардың бәсекеге қабілетті болуы және халықтың алдында берген уәдесін орындау үшін бір-бірімен бәсекеге түседі. Елімізде түрлі саяси күштер пайда болып, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға өз септігін тигізетініне сенемін», – деді қалалық Amanat партиясы жастар қанатының төрағасы Әкежан Кеңесов.