|
28.09.2022 | 18:53
2900

Тоқаев: Білім алу үшін дұрыс жағдай жасау – мемлекеттің аса маңызды міндеті

Бұл туралы Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында айтты

Тоқаев: Білім алу үшін дұрыс жағдай жасау – мемлекеттің аса маңызды міндеті Ақорда

Білім алу үшін дұрыс жағдай жасау – мемлекеттің аса маңызды міндеті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Білім алу үшін дұрыс жағдай жасау – мемлекеттің аса маңызды міндеті. Өкінішке қарай, бүгінге дейін көп талқыланғанына қарамастан, үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесі шешілген жоқ. Сондықтан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылуы Үкіметтің де, жергілікті атқарушы органдардың да ерекше бақылауында болуға тиіс. Үкімет пен Есеп комитеті әрбір теңгенің көзделген мақсатқа жұмсалуын қамтамасыз етуге тиіс», - деді Президент.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир