Өзгерістердің бәрі ел мен халық игілігіне жұмсалады – Мейіржан Отыншиев

03.03.2022 23:54

Ол аталған мақсатта нақты айқындалған 7 басымдық бар екеніне тоқталды

Кешегі партия күнінде өткен Съезд жаңа тарихтың басталуымен тұспа-тұс келді. Осылай деген «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев партияның «AMANAT» деп жаңаша аталуы, оның атауы ғана өзгертілмей, іс жүзінде жасарғанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Партия жұмысы елдің модернизациялау курсында оның баса озған, ұзақмерзімді сипатын бекітуге арналған жаңа түйінді басымдықтарға, жаңа маңызға ие болуда. Бұл ретте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасындағы барлық өзгерістер таза ауаның тынысы іспетті, билеуші партияның жаңа өмірінің бастауы болмақ. Аталған өзгерістердің барлығы ел мен халықтың игілігіне жұмсалатыны сөзсіз», - деді Мейіржан Отыншиев.

Ол аталған мақсатта нақты айқындалған 7 басымдық бар екеніне тоқталды.

1. Халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру

2. Партияластар арасында ынтымақтастықты арттыру

3. Партияның жұмысында ашықтықты арттыру

4. Партиялық бақылауды күшейту

5. Партияның бағдарламалық құжаттарын қайта қарау

6. Халықтың әр түрлі топтармен жұмыс істеу

7. «Jas Otan» жастар қанатының жұмысын жетілдіру.

Уақыт талабына сәйкес өз қызметімізді қайта құру - халықпен кері байланыстың тиімділігін арттыру, өзекті мәселелерді халық үшін барынша ашық әрі әділ шешуді білдіреді. Сондай-ақ, қоғамдық қабылдаулардың сервистік-бағдарланған тәсілге көшуі де азаматтардың сұраныстарын ақтау, сонымен қатар партиялық жобаларды іске асырудың тиімділігін арттыру мақсатында бастауыш партия бірлестіктеріне партиялық жарналардың 20% қайтарудың практикасын жандандыру - бұл жергілікті жерлерде жұмысты активтендіруге мүмкіндік береді.

«Біздің еліміздің дамуы туралы айта отырып, Президент көрші елдерде болып жатқан жағдайды да ескеріп өтті. Терең мағына біздің көршілерімізбен экономикалық өзара байланысты шегелеуде жатыр. Сондықтан партияластарымызбен бірлігімізді нығайтып, Лидеріміздің төңірегінде топтасып, тұрақсыздық салдарынан туған тәуекелдерді төмендету үшін модернизациялауға жұмыла қолдау көрсетуге тиіспіз.

Біздің басты мақсатымыз – халықтың бірлігін сақтау, елдің өркендеуін қамтамасыз ету және ел аманатын ақтау», - деді М. Отыншиев.