Алматының зиялы қауымы Президент жолдауын талқылады

Almaty.tv
Almaty.tv
Олардың айтуынша, ең орынды шешімдерің бірі суперпрезиденттіктен бас тарту болыпты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президенттің халыққа Жолдауында айтқан бастамалары халықтың көңілінен шықты. Дамудың жаңа кезеңіне мұрындық болар нақты жоспарлар қабылданды. Осылай деген зиялы қауым өкілдері Жазушылар одағының ғимаратында бас қосып, жаңа реформаларға өзінше түсінік берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

   

Олардың айтуынша, ең орынды шешімдерің бірі суперпрезиденттіктен бас тарту болыпты.  

«Тоқаевтың инициативасы бойынша мемлекеттік құрылымда президенттің ағайын-туыстары болмайды. Оған тыйым салды. Бұл – үлкен жұмыс, үлкен жаңалық. Осыны жүзеге асыратын түрі бар. Соны мен өз басым қолдаймын. Сіздерді де қолдауға шақырамын», - деді жазушы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабеков.

Қаламгерлер жиында «Қанды қаңтар» оқиғасына да тоқталып өтті. Дүрбелең қайта болмау үшін қоғамның, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту керек екенін айтты. Сондықтан ақын-жазушылар бірігіп, баспасөз беттерінде немесе әлеуметтік желілерде бұқарамен тығыз жұмыс істемекші. Одан бөлек, жаңа реформалардың іске асып, нәтижесі болуы үшін бір кісідей жұмылуға шақырды.  

«Президент өкілеттігін қысқарту, суперпрезиденттік жүйені өзгерту мәселесі жұрттың көңілінен шығып отыр. Парламенттегі өкілеттікті күшейту және сол арқылы халықтық билікке өту деген тамаша дүние», - деді ақын, ҚР Жазушылар одағы басқармасының хатшысы Ғалым Қалибекұлы.

Новости партнеров