Бірліктің белгісі – референдум: сарапшылар Президент бастамасын қолдады

30.04.2022 19:10

Референдум өтетін күнді жұмыс комиссиясы белгілейді

Almaty.tv

«Жаңа Қазақстан» үшін ел бірлігі мен мемлекетшілдік маңызды. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Максим Рожин Қазақстанда ешкім тегіне, жынысына, ұлтына, нәсіліне, тіліне, дініне қарап бөлінбейді. Алайда әрбір азаматтың қазақ тілін білуі парыз дейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осы ретте Ұлттық құндылықтардың мәнісін жете түсінуіміз керек дегенді алға тартты

«Қазақтың жерін, қазақтың мәдениетін, тарихын сүйетін  адам қазақтың тілін де сүю керек. Бізде білесіздер әр ұлт болашаққа айқын қадам жасау үшін өз ұлттық құндылығын сақтаудан бастау керек. Бүгінге мен де осы мәселе жайында айттым», – деді Қазақстан халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Максим Рожин.

Бірліктің белгісі – референдум. Ол халықаралық тәжірибе. Осылай деген Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина референдумның арнайы қадамдары бар, ол тікелей халықтың қатысуымен болатын сайлаудың түрі дейді.

«Жұмыс комиссиясы құрылады. Сол комиссия әрбір бап бойынша талқылаулар жүргізеді. Пікірталас болады. Ұсыныстарды жинайды. Соның негізінде бір құжат дайындалады. Сосын сол құжат БАҚ-на беріледі. Халық талқылайды. Сосын арақашықтық сақтай отырып, дауыс белгіленеді. Референдум өтетін күн белгіленеді», – деді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина.