Ұлттың ұлық мерекесі – Республика күнінің қарсаңында Алматыдағы әзербайжан және түрік этномәдени бірлестігінің өкілдері бас қосты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тарихқа бойлап, сан жылдардағы тауқыметті жіпке тізген қатысушылар «елдегі әр ұлт өкілі қазақ жұртына қарыз» дейді.
– Біз ата-бабамыздың жерінде, ата жұртымызда тұрып жатырмыз. Қазақстан – түркі халықтарының түп Отаны. Сондықтан бұл елдің дамуына жан-жақты үлес қоссақ, біз үшін бақыт! Бүгін бас қосқан әр ұлт өкілі осыны қайта-қайта айтты. Қиын заманда қолдау көрсеткен елге алғысымызды жеткізгім келеді! – деді «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Зиядин Хасанов.
Іс-шара барысында елге еңбегі сіңген азаматтар марапатталды. Түрлі қызметте жүріп, республиканың өркендеуіне үлес қосқан оларға ұйымдастырушылар арнайы сыйлық дайындаған.
– Әркім өз ойын айтып отыр. Егемендігіміз құтты болсын! «Мәңгілік ел» деп атап отырмыз, мәңгілік болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!, – деді «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Асанпаша Агададиев.
Оқи отырыңыз: Ардагерлер - ардағым: Бостандық ауданында қариялар өнер көрсетті