Алматыда «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» жастар фестивалі өтті
Алматы жастары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Жас Қадам» ҚҚ төрағасы Азиз Кажденбек фестивальге қатысты. Ол бүгінде кәсіпкерлер қатарында жастар көп екенін атап өтті.
«Бүгін бізде үлкен мереке. Президентті, Жаңа Қазақстанды қолдайтын жас кәсіпкерлер, жас көшбасшылар жиналды. Бізде мұндай мүмкіндік екі жыл қатарынан болған жоқ. Осындай үлкен мереке Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа Жолдауынан кейін өтуде. Біздің басты мақсатымыз – Алматы жастарының бірлігі мен тұтастығын көрсету. Біздің қазіргі жастарымыз Президентіміздің бастамаларын қолдауға дайын. Жастар үшін ең бастысы – өзіңнен бастау. Мен жастардың Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосуға дайын екенін білемін! Біз Президентті қолдаймыз, біз біргеміз!», - дейді Азиз Кажденбек.