«Елдің тұрмысын құрғақ сөзбен емес, нақты іспен көтеру керек». Мемлекет басшысы осыдан бірер күн берген арнайы сұхбатында Заң үстемдігін қамтамасыз ету қоғамдағы басты мәселе деді. Сонымен қатар саясат пен экономикадағы монополияны жою керек екенін айтты. Демек, бәсекелестік артады. Сұқбатта біршама мәселе қозғалды. Ал енді оның іске асырылу барысын қалай қадағалау керек? Осы орайда Almaty.tv студиясына арнайы келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекқали Торғаев мырза өз пікірін білдірген еді.