Балалардың шығармашылығын дамыту үшін қаламгерлермен кездесу ұйымдастырылды
Республика күні мерекесі қарсаңында іс-шаралар жалғасып жатыр. Қаламыздағы №196 мектепте «Республика күні - елдікке бастар жол» тақырыбында байқаулар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жас таланттың бойындағы өнердің көзін ашып, дарынды оқушыларды қолдау және өз отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында өткен іс-шараға еңбек және мәдениет қайраткелері шақырылды. Балалардың шығармашылығын дамыту үшін қаламгерлермен кездесу, жас суретшілер байқауы өткізілді.
– Әрбір іс-шараның тәлімдік-тағылымдық мағынасы зор. Балалар соны біліп, ол кісілерді танып, білсе екен деген мақсат тұттық. Әрбір сөзінен, ісінен үлгі алса деген мақсатпен іс-шара ұйымдастырып отырмыз, – деді №196 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сайрагүл Шағатаева.
– Іс-шараның өскелең ұрпаққа, мектеп оқушыларына берер тәрбиелік мәні зор. Балалардың патриоттық сезімін оятады және қазақилыққа баулиды, – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Исатаева.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның 100 жаңа есімі: оқушылар жеңімпаздармен кездесті