Жолдаудың орындалуына әр қазақстандық үлес қосуы тиіс – Бақытбек Смағұл

19.03.2022 02:17

Мәжіліс депутаты Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесті

Almaty.tv

Ізгі жаңғырулардың өмірге жолдама алуына, оның орындалуына әрбір қазақстандық азамат өз үлесін қосуы тиіс. Алматыға жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл Наурызбай ауданы халқымен кездесуінде осылай деді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына жолдауы жан-жақты талқыланды.  

«Өз жолдауында мемлекет басшысы ғаламат реформаларды жариялап, осы жолда жауапкершіліктің бәрін мойнына алуға дайын екенін айтты. Азаматтық қоғамда да, белсенділік танытуға ел сенетіндей күдікпен емес, үмітпен қарайтындай, өзінің президенттік және перзенттік парызым десе, біздің де перзенттік парызымыз болуға тиісті», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл.