Сауда нысандарының қоймаларында 29 түрлі атау бойынша 80 мың тоннадан астам азық-түлік қоры бар.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және сауда үстемесінің белгіленген 15%-дан аспауын қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов, қалалық Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысы, сондай-ақ Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысы қаланың сауда желілерінде мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv
Мониторинг барысында кәсіпкерлік субъектілеріне төмендегідей мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді:
Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) қатысты бағаның күрт өсуі байқалмайды. Сауда нысандарының қоймаларында 29 түрлі атау бойынша 80 мың тоннадан астам азық-түлік қоры бар.
Азық-түлік жеткізу үздіксіз және кідіріссіз жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде айналым қарыздары мен форвардтық келісімшарттар аясында шартталған 25 мың тоннадан астам ӘМАТ бар.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің сақталуын бақылау және мониторинг жүргізу жұмыстары тұрақты негізде жалғасып келеді.
Оқи отырыңыз: Сән әлемі: жылқы жылында табиғи материалдарға сұраныс арта түспек