Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Alatau Creative Hub инновациялық-мәдени орталығының жұмысымен арнайы барып танысты
Алматыда алғаш рет Alatau Creative Hub инновациялық-мәдени орталығы ашылды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Alatau Creative Hub инновациялық-мәдени орталығының жұмысымен арнайы барып танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау Alatau Creative Hub инновациялық-мәдени орталығының Қазақстанда алғаш рет ашылғанын айтады.
«Мынадай орталықты Қазақстанда бірінші рет көрдім. Таңғалап тұрмын. Әлемнің 53 елінде болдым. Жапония, Сингапур, Оңтүстік Кореяда осындай хабтарды көріп, араладым. Қазақстанда, соның ішінде Алатау ауданында ашылғанына өте қуаныштымын. Алып-қосарым жоқ. Керемет», – деді кәсіпкер Сырымбек Тау.