Жол сапасы бойынша Алматы жоғары орында тұр – «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК қалалық филиалы

Қала шетіндегі шағынаудандарға жол салу жобасы «Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында жүзеге асырылып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қала шетіндегі шағынаудандарға жол салу жобасы «Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәселен, Алатау ауданындағы жолдардың жалпы ұзындығы 658 шақырым. Оның 150 километрден астамына асфальт төсеу қажет. Биыл аудандағы 5 шағын ауданның 257 көшесіне жаңа жол салу көзделіп отыр. Жалпы қаладағы жаңа салынып жатқан жолдардың жартысы Жаңа Алматының үлесінде.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» жаңа салынған  жолдардың сапасын тексеріп, сараптап отыратын бірден-бір мекеме. Мұндағы мамандар мердігерлер жұмысын тексеріп, жолдардың сапалы шығуын талап етеді.  Алматыдағы жолдардың сапасы қаншалықты сын көтереді? Бұл сұраққа «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК қалалық филиалының директоры Мәулен Әліпов жауап берді.

«Рейтинг жасалған. Қай өңірлерде сапасы дұрыс деген. Алматы қаласы жоғары орында тұр. Сапасы жағынан жақсы, қанағаттанарлық деп айтуға болады. Жолдардың жалып 80 пайызы жақсы және қанағаттанарлық деп есептеуге болады», – деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК қалалық филиалының директоры Мәулен Әліпов.

Қала басшылығы Алатау, Наурызбай және Түрксіб ауданында жалпы саны 415 көшені асфальттауды жоспарлап отырғанын еске сала кетейік. 

Новости партнеров