Алматы әкімі Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесті

кадр из видео YouTube
кадр из видео YouTube
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жайлы қалалық орта құру мақсатында қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға ерекше назар аударылады. Былтыр Бостандық ауданында жалпы саны 170 аулаға жөндеу жүргізілген. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев халықпен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыру жұмыстары жалғасып жатыр. Былтыр бағдарлама шеңберінде Бостандық ауданында жалпы сомасы 800 миллион теңге болатын 16 жоба іске асқан.

– Ол аулалардағы спорт және балалар алаңдарын жөндеуді, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруды қамтыды. Жаяу жүріп серуендеу және саябақ аймақтарын жайластыру, балалар, спорт алаңдарын жөндеу және ауданды абаттандыру бойынша 50 жаңа жобаны жүзеге асыру үшін қаржы көлемі 2,8 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды, – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Биыл Ерменсай және Ремизовка шағынаудандарындағы 16 шақырым электр желісі қайта жаңарады. Одан бөлек, инвестициялық жоба шеңберінде 50 километр кабельдік желілерді, 13 трансформаторлық қосалқы станса мен 3 тарату пунктін жаңғырту жоспарланған. Қала әкімі жол және көлік инфрақұрылымын дамыту да жайлы қала құруда маңызды деді. Былтыр жалпы ұзындығы 26 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілген. Биыл 33 көше реттелді.

– Аудан тұрғындарын толғандыратын мәселелердің бірі – сыртқы көшесінің жарықтандырудың сапасы. Жарықтандыру функциясын децентрализациялау арқылы қала аудандарындағы жағдай жақсара түсті. Нәтижесінде былтырғы желтоқсаннан бері 1000-нан астам шам ауыстырылып, 800-ге жуық өтінім пысықталды. Сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру аясында 117 шам орнатылып, 80 ауланы абаттандыру кезінде 917 шам бағанасы ауыстырылды, – деді қала әкімі.

Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев: қаланың дамуы мен тұрғындарға жайлы өмір үшін еңбек етеміз


Кездесуді төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз:

Новости партнеров