Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

20.07.2021 в 15:04

Бұл мереке жақсылыққа жол сілтеп, мұқтажға қайырымдылық, жақыныңа қамқорлық танытуға үндейді

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv

«Құрметті алматылықтар!

Күллі мұсылман қауымының ең ұлық мерекесі Құрбан айтпен құттықтаймын!  

Бұл мереке жақсылыққа жол сілтеп, мұқтажға қайырымдылық, жақыныңа қамқорлық танытуға үндейді.

Бұл күні шаңырағыңыз қуаныш пен берекеге толсын!»  деп жазды әкім өзінің Facebook парақшасында.