Алматыда Әйтеке би көшесін ұзарту жұмыстары аяқталды

31.10.2023 14:03

Бүгінде аталған аумақта тиісті жол таңбаларын сызу және жол белгілерін орнату жұмыстары аяқталып, қозғалыс ашылды

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алмалы ауданындағы көше-жол желісінің кептеліс деңгейін төмендету, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында Әйтеке би көшесінің Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейін ұзарту жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жол-құрылыс жұмыстары маусымда басталып, 2023 жылдың қазанында аяқталды. Ұзарту бойынша жұмыстардың аясында ұзындығы 142 м, жүріс бөлігінің ені 11,5 м, екі жағында тротуары бар жаңа жол салынды. Сондай-ақ, инженерлік коммуникациялар қайта құрылды және сыртқы жарықтандыру орнатылды.

Жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында Әйтеке би көшесінің ұзартылған бөлігінде шығыс бағытта көліктер тек оңға бұрыла алады. Ал батыс бағытта – тіке жүруге, оңға және солға бұрылу мүмкіндігі бар. Бүгінде аталған аумақта тиісті жол таңбаларын сызу және жол белгілерін орнату жұмыстары аяқталып, қозғалыс ашылды.