Бұл туралы қалалық қаржы басқармасынан айтып берді
Алматыда жергілікті бюджет кірістері бойынша тұрақты өсім байқалады. Бұл туралы қалалық қаржы басқармасынан мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жергілікті бюджетке 33,5% өсіммен 719,7 млрд теңге кіріс түсті. Бұл ШОБ өсімі есебінен корпоративтік салықтың 49,4%-ға ұлғаюына байланысты. Сондай-ақ әлеуметтік салық бойынша түсімдердің 52%-ға өсуі қамтамасыз етілді.
Қаржы басқармасы атап өткендей, Алматының мемлекеттік бюджетке қосқан үлесі 28,6% -ды құрады. 2024 жылғы наурызда қала бюджеті 103,6 млрд теңгеге 1 726,2 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.
Оқи отырыңыз: Заңсыз құрылыс: Алматыда 96 нысанның құрылысы тексеріліп жатыр