Наурызбай ауданында Г тәрізді тротуар салынды

04.01.2024 14:04

Сондай-ақ 34 жарық тірегі орнатылды

пресс-служба акимата Алматы

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша 2023 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Абай даңғылынан №208 мектепке дейін «Қарғалы» өзенінің бойында ұзындығы 360 метр, ені 2,5 метр Г-тәрізді тротуар салынды. Сондай-ақ 34 жарық тірегі орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тротуар салу туралы ұсынысты ата-аналар 2023 жылы қала әкімі Ерболат Досаевтың Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтқан болатын.

Айта кетерлігі, мектеп Абай даңғылы мен Ілтипат көшесінің арасына орналасқан. Мектепке жету үшін оқушылар бүкіл жеке секторды айналып өтуге мәжбүр болды.

Еске салсақ, 2022 жылдың қарашада Наурызбай ауданында 1500 оқушыға арналған №208 мектеп пайдалануға берілген еді.