Алматыда апатты көпірдің орнына жаңасы салынды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жоба биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында іске асырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 2 ай ішінде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша апатты көпірдің орнына жаңа көпір салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Медеу ауданында ұзындығы 21 м көпір салынды. Ол 1990 жылы тұрғындардың өзі салған ескі ағаш құрылымның орнына тұрғызылды.

Байқоңыр көшесінің тұрғындары әкімдікке аялдамаға апаратын жаңа көпір салуды сұраған еді. Ескі көпір апатты жағдайда болды және тұрғындардың өміріне қауіп төндірді.

Жоба биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында іске асырылды. Жұмыс екі айда жүргізілді.

Жаңа көпір темірден жасалған, оның негізі рифлді темірден құралған.

Сондай-ақ «Халық қатысатын бюджет» аясында іргелес аумақты абаттандырылды: аялдамаға апаратын тротуар жабдықталды, сыртқы жарықтандырудың жаңа бағаналары қойылды және шағын сәулет нысандары орнатылды.

Новости партнеров