Алматының Алатау ауданындағы 11 шағынауданда инженерлік желілерді дамыту аясында биыл бірталай жоба жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір олардың біразында құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Алғабас шағын ауданында су құбыры мен кәрізді төсеудің 3 кезеңі басталды, бұл 584 тұрғын үйде 4 мыңға жуық адамды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол аяқталғаннан кейін Қожабеков пен Ф.Оңғарсынова көшелеріне асфальт төсеу жоспарланып отыр.
«Шапағат» шағынауданында 2,5 мыңға жуық адамды сумен жабдықтау және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында 449 тұрғын үйде жобаның 2-кезегіндегі құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
«Рахат-Мәдениет» шағынауданында жұмысты аяқтау 2025 жылға жоспарланған, бұл 2882 тұрғын үйде 14 мыңнан астам адамды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Барлығы 20 500-ге жуық тұрғыны бар үш шағынауданда 3915 жеке үй желіге қосылады. Су құбыры желісінің жалпы ұзындығы 103,2 км, кәріз желісінің жалпы ұзындығы - 121,0 км.
Оқи отырыңыз: Инватакси: биыл Алматыда 24 көлік бөлінді