Алматының тау бөктеріндегі құрылысқа бақылау күшейтіледі

29.03.2024 14:06

Қала құрылысы және урбанистика басқармасы халықтың өтінішімен тау бөктеріндегі нысандарды жобалауға топырақтың инженерлік-геологиялық іздестіру кезінде бастапқы деректерді береді

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев бейінді басқармалардың, Төтенше жағдайлар департаменті, жер ресурстарын басқару департаментінің және т.б қатысуымен тау бөктеріндегі құрылысты реттеу мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда Ерболат Досаевтың тапсырмасымен таулы аймақтары және тау бөктеріндегі құрылысты бақылау күшейтілді. 2022 жылы маусымда мәслихат еңісі 15 градустан асатын беткейде құрылысқа тыйым салатын аумақтың функционалдық аймақтарын салудың қала құрылыстық регламенттерін іске асыру жоспарында әкімдік бастамашылық еткен өзгерістерді бекітті.

Қабылданған өзгерістер Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі бас жоспарында және егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобаларында көрініс тапты, қала тұрғындары және сарапшылардың қоғамдық талқылау қорытындысы бойынша оған бірқатар ұсыныс енгізілді. Соның бірі тау бөктеріндегі 4 270 гектардан астам жерді құрылысқа тыйым салу үшін рекреациялық аймақтарға ауыстыру.

Қала құрылысы және урбанистика басқармасы халықтың өтінішімен тау бөктеріндегі нысандарды жобалауға топырақтың инженерлік-геологиялық іздестіру кезінде бастапқы деректерді береді. Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, 2022 жылы 36 нысан, 2023 жылы – 89 және биыл 32 нысан салуға рұқсат берілмеген.

Бұл ретте, кеңеске қатысушылар атап өткендей, бүгінде барлық құрылыс салушы жобалық шешімдерді сақтамайды. Тәжірибе көрсеткендей, кейбіреулер тек рұқсат құжаттамасын алу үшін инженерлік-геологиялық топырақты іздестіруді жүргізеді. Таулы жерлерде заңсыз құрылыс жүргізген 54 фактісінің 46-сы сотқа берілді, оның 30-ы қаланың пайдасына шешілді, бүгінде оның 5-інде нысандар бұзылды.

Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі Ерболат Досаев сәулет және қала құрылысын қадағалау органдарына, аудан әкімдіктеріне тау бөктеріндегі аумақтарда өз бетінше құрылыс салуға тұрақты түрде мониторинг жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп жатқан ҚР Құрылыс кодексіне жеке тұрғын үйлер құрылысының барысын тексеру мүмкіндігі бөлігінде қала құрылысын бақылау органдарының өкілеттігін күшейту жөнінде ұсыныс енгізілсін. Жер ресурстарын басқару департаменті – жер заңнамасының сақталуы үшін жер телімдеріне тексерулер жүргізсін.

Оқи отырыңыз: Қолайсыз ауа райы: электр жарығы өшуі мүмкін