Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты
Алматыда инфляция баяулауда. Мәселен, ақпанда жылдық инфляция қарқыны 2023 жылғы желтоқсандағы 10,2%-дан ағымдағы жылғы қаңтардағы 9,9%-ға дейін төмендеді, деп хабарлады Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары кезінде, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, ел экономикасының барлық негізгі салаларында іскерлік белсенділіктің кеңеюіне байланысты үш ай қатарынан инфляциялық күту төмендеуде. Оң факторларды ескере отырып, 2024 жылы Алматыда инфляция 7-8% деңгейінде болжанады», - деп атап өтті Алматы әкімі.
Айта кету керек, 2024 жылға ҚР Үкіметі ел бойынша инфляцияны 6,5%, ал Ұлттық банк 7,5-9,5% деңгейінде болжайды.