Әуезов ауданында 23 аулаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

27.08.2024 в 14:08

Жобаны осы жылдың 10 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланған

Әуезов ауданында 14 жылдан бері жөндеу көрмеген 23 ауланы күрделі жөндеу жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңартылған алаңдарда балаларға, ойынға, футболға және workout аймақтарына арналған орындар қарастырылған. Күрделі жөндеу аясында асфальт төсемі, тротуарлар мен жиектастарды жаңартылады.

Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары 18 аулада аяқталды. Онда ескірген жабдықтар алынып, аумақ асфальтталып, жиектастар жаңартылып, шағын сәулет пішіндері мен спорт алаңдарына орын дайындалды, орындықтар, қоқыс жәшіктері және футбол алаңдарының қоршауы орнатылады деп күтілуде. Жобаны осы жылдың 10 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланған.

Жоба аясында мына мекенжайдағы аулалар жөнделеді:

1. Ақсай-1 шағынауданы, 11/1 үйі

2. Ақсай-2 шағынауданы, 61 үйі

3. Ақсай-3 шағынауданы, 22 үйі

4. Ақсай-4 шағынауданы, 121 үйі

5. Ақсай-4 шағынауданы, 122, 123 үйлері

6. Ақсай-4 шағынауданы, 83 үйі

7. Ақсай-5 шағынауданы, 18 үйі

8. Ықылас шағынауданы, 1, 5, 7 үйлері

9. Ықылас шағынауданы, 2, 6 үйлері

10. Ықылас шағынауданы, 1А, 3А, 3 үйлері

11. Ықылас шағынауданы, 6А, 8 үйлері

12. Шабыт шағынауданы, 1, 2 үйлері

13. Солнечный проезд көшесі, 1, 1Б, 1В үйлері

14. Жандосов көшесі, 59/1 үйі

15. Жандосов көшесі, 59Б, 59В, 57А үйлері

16. Жандосов көшесі, 57 үйі

17. 3 шағынауданы, 19/1 үйі

18. 5 шағынауданы, 22, 23 үйлері

19. Мамыр-2 шағынауданы, 8 үйі

20. Тастақ-1 шағынауданы, 1/1Б үйі

21. Саин көшесі, 26/2 үйі

22. Саин көшесі, 8 үйі

23. Райымбек даңғылы, 502А үйі