Алматының Әуезов ауданында емхана мәселесі қалай шешіледі

11.08.2022 14:12

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуі барысында айтты

scientificrussia.ru

Әуезов ауданындағы №18 емхана мәселесі қалай шешіледі? Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Аталған емхананың жұмысын жеңілдету үшін маусым айында Мамыр шағынауданынан ауысымына 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулатория салуға тапсырма бердім. 2023 жылдың I тоқсанында аяқталуы тиіс. Сондай-ақ Қуаныш шағынауданында ауысымына 300 келушіге арналған №18 емхананың жаңа негізгі ғимаратын салу үшін жер учаскесі анықталды. Жылдың соңына дейін учаскені сатып алу рәсімін аяқтаймыз. Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеп, құрылыс жүргізуді келесі жылы бастауды жоспарлап отырмыз», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.