Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені сүріледі

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тағы 19 нысанға қатысты сот шешімі заңды күшіне енді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда сот шешімі бойынша KHAN тұрғын үй кешені сүріледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы заңсыз тұрғын үй кешенін сүрудің басталғаны туралы хабарлады. Әкімдік пен қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлескен жұмысы аясында таулы жерлерде заң талаптары мен құрылыс нормаларына сай келмейтін салынып жатқан 52 нысан анықталды. Солардың бірі – Витебская көшесі, 44/3,44 А мекенжайда орналасқан KHAN тұрғын үй кешені.

Бұл нысанды «Tennis.kz» ЖШС салған, эскиздік жоба келісілмеген, авторлық және техникалық қадағалау, сараптама қорытындысы жоқ, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабардар етпеген.

Тапсырыс берушіге қатысты басқарма ӘҚБтК 316-бабы 1-бөлігі, 321, 462-бөлігі бойынша шаралар қабылдады, сондай-ақ 2023 жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласының СМЭС кешенді сүру жөнінде талап арыз берді.

Сот талқылаулары аяқталғаннан кейін 2023 жылғы 24 қазанда Алматы қалалық сотының қаулысымен объектіні бұзу туралы бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды.

Заңсыз объектіні бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіледі.

Айта кетерлігі тағы 19 нысан бойынша толық немесе ішінара бұзу, учаскені бастапқы күйіне келтіру және нұсқаманы мәжбүрлеп орындау туралы сот шешімі заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз: Аяз, жел, көктайғақ:11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Новости партнеров