Алмaтыда қар тазалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

пресс-служба Управления жилищной политики Алматы
пресс-служба Управления жилищной политики Алматы
Қарды тазалауға барлығы 616 бірлік арнайы техника, 1463 жол жұмысшысы жұмылдырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында 15-18 см (08:00-дегі жағдай бойынша), тау бөктеріндегі аудандарда 22-30 см, таулы жерлерде 45 см-ге дейін қар жауды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында сағат 00.00-ден бастап жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. Түнгі сағат 03.30-дан бастап жол полициясының патрульдік машиналарының еріп жүруімен қар күреу колонналары ұйымдастырылды. Таңертеңгі уақытта автокөлікті кедергісіз өткізуді ұйымдастыру үшін магистральды көшелерде және қаланың жоғарғы бөлігінде үш рет қар күреу жүргізілді.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жалпы пайдалану орындарын механикаландырылған және қолмен тазалау жұмыстары күшейтілді.

Сағат 08.00 жағдай бойынша 330 м3 қар шығарылды.

Қарды тазалауға барлығы 616 бірлік арнайы техника, 1463 жол жұмысшысы жұмылдырылды, 2950 тонна көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылды.

Аудандық әкімдіктерде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша қар жаууы 15 ақпанда күннің бірінші жартысында аяқталады. Ауа температурасы 15 ақпанда күндіз 0-3 градус аяз болады.


Новости партнеров