Жоба биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асты
Алматы қаласының Медеу ауданында бос жатқан аланға 180 шаршы метр болатын жаңа балалар және спорт аймақтары орналастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сазановская көшесіндегі жеке секторда тұратын тұрғындар әкімдікке балалар үшін ойын алаңын, ал ересектер үшін спорттық тренажерлер орнатуды сұрады. Бұрын бұл жерде жақын маңдағы үйлердің тұрғындары әткеншектер мен орындықтар орнатқан бос жер болған. Уақыт өте келе балалар көбейіп, ойын алаңына деген қажеттілік артты.
Жоба биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Ойын кешендері, спорттық тренажерлер, орындықтар мен қоқыс тастайтын жәшіктер орнатылды. Көше бойында алаң қоршалған.
Медеу ауданында «Халыққа қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша биыл барлығы 44 жоба қолға алынған. Қазіргі таңда 22 жобаның жұмысы аяқталды, қалғаны осы жылдың қараша айының соңына дейін аяқталады.