Тазалауға 460 адам және 52 бірлік арнайы техника жұмылдырылады
Мерекелік іс-шараларды 23 наурызда қаланың барлық аудандарында өтетін «Тазару» жалпыұлттық экологиялық акциясымен жалғастыру жоспарлануда, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, Кіші Алматы, Есентай, Үлкен Алматы және Қарғалы өзендерінің жағалауы мен арналарының аумағында су айдындарын тазарту және қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады. Мердігер ұйымдардан өзен арналарын тазалауға барлығы 460 адам және 52 бірлік арнайы техника жұмылдырылады.
Алматы қаласын көгалдандыру мақсатында Әуежай көлінің жағалауына 100 ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында екі ауылдағы көпірді су алды