Наталья ауланы абаттандыру идеясын көршілерімен бірге 2020 жылы қолға алғанын айтты
Осы жылдың мамыр айында алматылық Наталья Лазарева «Үздік аула» номинациясының жеңімпаздарының бірі атанды. Оның идеясы бойынша абаттандырылған қоғамдық кеңістік конкурстық комиссияға ұнады, бірақ жоба әлеуметтік желілерге жарияланғаннан соң кеңінен танылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Наталья ауланы абаттандыру идеясын көршілерімен бірге 2020 жылы қолға алғанын айтты: тұрғындар жасыл желек өсіріп, миксбордер арасына бордюрлер жасады.
Осыдан кейін аула тұрғындары «Халықа қатысатын бюджет» бағдарламасын пайдаланды.
«Мен жоспар құрдым, бізде сарқырамасы бар альпілік төбешік болғанын қалаймын. Өзім қалайтын ауланың эскизін жасадым», - деді Наталья Лазарева.
Өтінім мақұлданғаннан кейін, Алмалы ауданы әкімдігінің тапсырысы бойынша 2023 жылы аулада мердігер жарықтандыру, резеңке жабын орнатты, альпілік төбешік жарақтандырылды, төсеніштер пайда болды, аула көгалдандырылды, кіші сәулет пішіндері қойылды, автосуару іске қосылды.
«Биыл біз «Ең үздік аула, жасыл желек, коммуналдық қызметкер» байқауына қатыстық, өйткені бізде ең ауламыз ең үздік деп есептедік. Бұл менің хоббиім. Шабытым оянды, істі қолға алдым», - деді Наталья Лазарева байқауда қалай жеңіске жеткені туралы.
Естеріңізге сала кетейік, «Үздік аулжасыл желек, коммуналдық қызметкері» байқауы «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны және «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өтті.
500 мың теңгелік сертификатқа қала тұрғындары аулаға күтім жасау жабдықтарын сатып алды.
Жақында алматылық Владислав Притуляк Instagram парақшасында бейнеролик жариялады. Оның айтуынша, ол Алматыда ең әдемі ауланы тапты, ол «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша абаттандырылған Наталья Лазареваның ауласы болғаны таңқаларлық емес.
Басылым желіде жүздеген таңданарлық пікірлер тудырды. Қала тұрғындары Натальяның үлгісі бойынша өз аулаларын көркейтіп, абаттандыра алады: 2024 жылы Алматыда «Халық қатысатын бюджетке» 18,8 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге артық. Қала тұрғындары аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, спорт және ойын алаңдарын құру бойынша 364 жобаны ұсынып, жүзеге асыра алады.
Оқи отырыңыз: Балалардың денсаулық паспорты электронды форматқа ауыстырылады