«Алматы жылу жүйесі» ЖШС уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды өтінеді
19 маусым сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін Әуезов ауданының аумағында Ұлықбек – Сайын – Жандосов – Яссауи көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Магистральдық құбырды қайта құрылымдау кезеңінде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету үшін уақытша құбыр желісін кесу үшін шектеулер енгізіледі. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз», -делінген хабарламада.