|
13.08.2021 | 09:21
4877

Алматыда Алатау ауданының 1500-ден астам отбасы АӘК алады

Азамат Қалдыбековтың айтуынша, төленген жәрдемақының жалпы сомасы 381,8 млн теңгені құрайды

Алматыда Алатау ауданының 1500-ден астам отбасы АӘК алады пресс служба акима Алматы

Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков жергілікті атқарушы органдардың көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қалай көмек көрсететінін айтты. Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз-конференциясы кезінде ол Алатау ауданында 1562 отбасының атаулы әлеуметтік көмек алатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Азамат Қалдыбековтың айтуынша, төленген жәрдемақының жалпы сомасы 381,8 млн теңгені құрайды, сонымен қатар 157 отбасы 8,2 миллион теңге көлемінде тұрғын үй көмегін алды.

«Мемлекет халықтың осал топтарына, соның ішінде жұмыспен қамту мәселелеріне жан-жақты қолдау көрсетеді. Мысалы, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2780 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 161 адам, қоғамдық жұмысқа 1028 адам, жастар практикасына 193 адам, 138 адам 200 АЕК көлемінде грант алды және 1335 адам тұрақты жұмыспен қамтылған», – деді А. Қалдыбеков.

Сонымен қатар, биыл демеушілердің қолдауымен 3 мыңға жуық мұқтаж отбасы азық-түлік жиынтығымен, 300 отбасы киіммен қамтамасыз етілді.

Аудан әкімі сондай-ақ Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы мен «Халық банкінің» бірлескен жобасы туралы айтты. Банк есебінен аз қамтылған отбасылардың 46 жеке тұрғын үйі орталық газға қосылған.

Азамат Қалдыбеков аудан әкімдігі әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін қажет нәрсенің бәрін жасап жатқанын қосты.

«Бүгінде ауданда аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы отбасыларды қолдау үшін «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы мен «Алатау аналары», «Аналарға көмек» және «Зейін» қоғамдық қорлары жұмыс істейді. Бұл орталықтар аналарға консультациялық және ресурстық қолдау көрсетеді, негізгі тренингтер өткізеді, жұмысқа орналасуға көмектеседі», – деп атап өтті А. Қалдыбеков.

Сонымен қатар, әйелдер сұранысқа ие мамандықтар бойынша: тігінші, шаштараз, компьютерлік сауаттылық оқиды. Тұрмысы төмен отбасылардың балаларын оқыту мәселесіне көп көңіл бөлінеді, оларға музыка мен өнер, би мен әр түрлі аспаптарда ойнау тегін үйретіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир