Алматыда қуыршақтар шеруі өтті
пресс-служба акима Алматы
Әсіресе, балақайлар жарыса суретке түсіп, қуанышқа бөленді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бүгін Абай алаңы мен Тұңғыш президент саябағында қуыршақтар шеруі өтті, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Ертегі кейіпкерлері Қала күнін мерекелеуге келген азаматтарды таңқалдырды. Әсіресе, балақайлар жарыса суретке түсіп, қуанышқа бөленді.
Мереке аясында Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының бойтұмары болып табылатын «Қуыршақ думан» атты ерекше концерттік қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Қойылымда Роза Бағланова, Майкл Джексон және Фаррух Закиров сынды танымал тұлғалардың бейнесіндегі қуыршақтардың өнер көрсетіп, халықты тамсандырды.
Сонымен қатар, негізгі мерекелік орындарда қуыршақ жасау шеберлерінің қатысуымен «Өнер бесігі – Алматы» атты қуыршақ жасау және басқару бойынша танымдық шеберлік сағаттар өткізілді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Қарт ата-анаңыздың үйіндегі қауіпсіздікті тексеріп тұрыңыз - ТЖМ
21.10.2026 17:43